Павлодарда санитарлық талапқа сай емес құрылыс нысандары анықталды

Пайдаланушы ұйымдарға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме беріп.

Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметінше, өңірде жер үсті инженерлік құрылысын санитарлық талаптарға сай ұстамау фактісі тіркелген. 

Ломов көшесі, 179/4 мекенжайында орналасқан тұрғын үй ауданында, жылу желісінің іргелес аумағында ағаштар мен бұталар түріндегі жасыл желектер, сондай-ақ тұрмыстық қоқыстар шашылып жатқан, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Орталық өнеркәсіптік аймақ, 233 мекенжайы бойынша  да осындай  жағдай тіркелді. 

Аталған фактілер бойынша пайдаланушы ұйымдарға қатысты полиция өкілдерімен ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. 

Айыппұл сомасы 1 млн 035 000 теңгені (300 АЕК) құрады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pavlodarnews.kz
Өзгелердің жаңалығы