Павлодарда санитарлық мақсатта ағаштар кесіліп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ағаштарды санитарлық кесу және апатты ағаштарды кесу жұмыстарын жүргізу үшін қала шартты түрде үш бөлікке бөлінген.
Бұл туралы Павдолар қаласы әкімдігінің instagram-дағы парақшасында хабарланды.
Қаланың солтүстік-батыс ауданында кесу жұмыстарын «СК - Триумф 9» ЖШС, солтүстік-шығыс және оңтүстік аудандарда – «Imperia company» ЖШС жүргізеді.
Күн сайын Павлодар қаласының ТКШ бөліміне және 109 бірыңғай қызметке қала тұрғындарынан Павлодар қаласының аулаларындағы ағаштарды кесу бойынша өтініштер келіп түсуде. Бір күн ішінде жұмыстың күрделілігі мен көлеміне байланысты 5-тен 7-ге дейін мекенжай орындалады, - делінген хабарламада.
Маусым басынан бері облыс орталығы тұрғындарының 50-ден астам өтініші орындалды. Ағаштарды санитарлық кесу жұмыстары жалғасатын болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шағын және орта бизнеске жасалған қолдау жалғасын табады
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы