Кеше 2026, 22:53
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Павлодарда салынып жатқан көпір өртенді
Қазір өрттің шығу себебі анықталуда.
Павлодар қаласында салынып жатқан көпір нысанында өрт шықты. Бұл туралы облыстық ТЖД мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төтенше жағдай қызметінің мәліметінше, оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жылу оқшаулағыш материалдар мен ағаш конструкциялардың жанғанын анықтаған.
Өрт ошағы жер деңгейінен шамамен 30 метр биіктікте орналасқан. Қиын жағдайға қарамастан, құтқарушылар жалынды тез арада бақылауға алып, 160 шаршы метр аумақта толық сөндірді.
Оқиға салдарынан өрттің көпір құрылымына таралуына жол берілмеген. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда.