Павлодарда салынып жатқан көпір бір тәулікте екі рет өртенді

Павлодарда Ертіс өзені арқылы салынып жатқан көпір өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға орнына дереу өрт сөндіру-құтқару бөлімшелері жіберілген.

Оқиға орнына жеткен бөлімшелер №5 тіректе шыққан өртті жедел сөндіруге кірісті. Онда жылу оқшаулағыш материал, қорғаныш жабынды және қалыптың ағаш конструкциялары жанған. Өртті сөндіру биіктіктегі қолжетімі қиын аумақтарға байланысты күрделене түсті. Өрт жалпы аумағы 100 шаршы метр жерде толық сөндірілді. Оттың көпірдің басқа құрылымдарына таралуына жол берілген жоқ, – деп мәлімдеді Павлодар облысының ТЖД.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы себеп болған. ТЖД өкілдері "кеше болған өрт пен бүгінгі өрттің себептері арасында тікелей байланыс жоқ" екенін атап өтті.

Сондай-ақ 31 қаңтарда №4 тіректе де өрт болғаны айтылды. Ол кезде жылу оқшаулағыш материал мен қалыптың ағаш элементтері жанған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Павлодар облыстық ТЖД
Өзгелердің жаңалығы