Салық қызметкерлері тіл білімі бойынша сынға түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Ана тілі» орталығымен бірлесіп, «Қазақшаң қалай, салық қызметкері?» атты онлайн байқау өткізді, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
Аталған байқау мемлекеттік тілді насихаттау, өзара байланыс мәдениеті мен сөйлеу дағдысын құрастыру және дамыту мақсатында ұйымдастырылды.
Байқауда «Ana Tili» мобильді қосымшасындағы тапсырмалар, Флеш-тренинг жобасы бойынша аударма, ресми стильге бағытталған тапсырмалар, интерактивтік диктант жазылды.
Үміткерлердің білімдерін педагогика саласының және тіл білімінің мамандары бағалап, тілді меңгеру деңгейіне, жауаптардың нақтылығы мен дұрыстығына, сауатты жазу шеберлігіне мән беріп, шешімдерін шығарды.
Байқау нәтижесі бойынша 1-орын Сәуле Ахтановаға бұйырса, 2-орынды Әлия Бакирова иеленді. 3-орынға Светлана Сафиулина лайықты деп танылды.
Байқау жеңімпаздары дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда қысқы спорт дамымаған
Өзгелердің жаңалығы