Павлодарда құтқарушылар өрттен 9 адамды эвакуациялады

Павлодарда Малайсары батыр көшесінде орналасқан көпқабатты үйлеріндің бірінде 4 қабаттағы пәтерде үй заттары мен жиһаз өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Өрт сөндірушілер 9 адамды, оның ішінде 5 баланы баспалдақ маршымен эвакуациялады, 18 адам өз бетінше шықты. ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері 6 адамды, оның ішінде 3 баланы қарады. Ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ. "103" бригадасы 1938 жылы туған тұрғынды тексеріп, ауруханаға жеткізді, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Белгілі болғандай, өрт бастапқы кезеңде сөндірілді. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы