Павлодарда қос азаматтықпен жүрген 819 адам анықталды

Павлодарда биылғы жылдың алты айында 800-ден астам адамның қос азаматтықпен жүргені анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазір көші-қон қызметі басқармасы елге келіп жатқан және басқа жаққа қоныс аударушыларды бақылауды күшейтті. Себебі Павлодар тоғыз жолдың торабында тұрған аймақ. Мәселен, былтыр көрші мемлекеттерден 7 млн. адам кірсе биылғы жылдың алты айында ғана 13 млн. адам келген. Бұл уақытша қонақ болып кеткендер. Ал тұрақты түрде қалуға өтініш бергендердің саны 20 пайызға өсіпті.

819 азамат қос азаматтық фактісі бойынша тіркелген. Оның 49 әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қалғандары уақытында жүгінгендіктен олар әкімшілік жауапкершіліктен босатылды. 90 пайыздан астамы бұл Ресей Федерациясының азаматтары болып табылады, - дейді көші-қон қызметі басқармасының аға инспекторы Алмира Хайруллина.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: архив
Өзгелердің жаңалығы