Павлодарда қаруланған жасөспірім ұсталды

Павлодар полициясы көшеде мылтық алып жүрген жасөспірімді ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

29 желтоқсанда патрульдеу кезінде сағат 02.52-де Павлодар қаласында Торайғыров көшесі бойынша патрульдік полиция батальонының инспекторлары 17 жасар жігітті ұстады. Одан МЦ-21-12 тегіс ұңғылы, бір ұңғылы, бес оқпанды мылтық тәркіленді. Бұл ретте мылтық қапталмаған түрде болды. Кәмелетке толмағанның жанында медициналық куәландыру нәтижелерімен расталған орташа ауырлықтағы мас болған әкесі болды. Анықталғандай, тәркіленген қарудың иесі – жасөспірімнің әкесі. Оның атына ИЖ-58 тағы бір мылтық тіркелген. 

Осы факт бойынша 46 жастағы қару иесіне қатысты қаруды алып жүру ережелерін бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 484-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Қолда бар екі қару иесінен тәркіленді. Сондай-ақ иесінің азаматтық қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсатының күші жойылды. Сонымен қатар қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде болғаны үшін ер адам жауапкершілікке тартылып, оған ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров. 

Полиция жыл басынан бері құқықтық 10781 азаматтық қару иесін тексерді. Нәтижелері бойынша 693 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Түрлі заң бұзушылықтарға жол берген 13 қару иесінің рұқсаты жойылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы