Павлодарда полицей адам қағып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Малайсары батыр мен Всеволод Иванов көшелерінің қиылысында полиция көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды облыстық ПД.

37 жастағы жүргізуші-полицей "Нива" қызметтік автокөлігімен 1967 жылғы жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Оң аяғының шығып кетуі" травматикалық диагнозымен жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды, – дейді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров

Жол-көлік оқиғасы фактісіне сәйкес, ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігі бойынша тергеу басталды.

25 ақпанда полиция қызметкерінің тәртібі полиция департаментінің Тәртіптік комиссиясында қаралды. Ол теріс қылықтарына байланысты ішкі істер органдарынан шығарылды. Бірқатар басшылар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы