Павлодарда полицей прокуратура ғимаратында өз-өзіне оқ атты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Прокуратура ғимаратында Павлодар облысы Железинский ауданының аға тергеушісі өзін-өзі атып тастамақ болды.

Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 24 мамырда Қазнетте Железинский ауданының аға тергеушісі табельдік қарумен өзін атып тастап, қайтыс болды деген ақпарат тарады.

Полиция бөлімі полицейдің өлімі туралы ақпаратты жоққа шығарып, оның денсаулығына қауіп төніп тұрмағанын айтып, сендірді.

23 мамырда сағат 18.10-да Железинка ауылының прокуратура ғимаратында аудандық полиция бөлімінің аға тергеушісі өзінің иығына оқ атып жіберген. Қызметкер ауруханаға жатқызылып, оған операция жасалды. Қазір денсаулық жағдайы қалыпты. Маңызды органдары мен сүйектері зақымданбаған. Өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ, - деп түсіндірді ведомсто өкілі.

Аталған дерек бойынша ПД жеке қауіпсіздік басқармасында ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Болған жайттың себептері анықталуда, - деп қосты полиция өкілі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы