Павлодарда өзгенің атына несие рәсімдеген лудоман ұсталды
Павлодарда полицейлер өзгенің атына миллион теңгеден астам несие рәсімдеп, жәрдемақыны да алып алған лудоманды ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тергеу мәліметінше павлодарлық тұрғын үйдің ауласында қызбен танысқан. Айлакер жігіт қыздың психикалық ауытқуы бар екенін түсініп, оның дәрменсіз күйін пайдалануды шешкен. Қызды суретке түсіріп, ол түрлі микроқаржы ұйымдарында оған 800 мың теңгеге жуық несие рәсімдеген.
Осыдан кейін ол барлық қаражатты қарыз шотына және букмекерлік кеңселерге аударады. Алайда жігіт мұнымен тоқтап қалмады және қызды техника дүкеніне апарды, онда ол өзінің атына 350 мыңға жуық қаражатқа iPhone телефонын несиеге рәсімдеген.
Жігіт телефонды және жәбірленушінің картасынан 79 мың теңгені алып, кетіп қалған. Осыдан кейін қыз полицияға жүгінді. Алаяқтық және ұрлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицияның мәліметінше қазір тергеу жүріп жатыр, күдіктіге үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Лудоманның болашақ тағдырын сот анықтайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы қылмыстық-процессуалдық кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.