Павлодарда өрт сөндірушілер ер адамды құтқарып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өрттің шығуына төсекте шылым шегу себеп болған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 маусымда сағат 18:51-де Гагарин көшесі 44/3 мекенжайы бойынша дәліз үлгісіндегі бес қабатты тұрғын үйдің бірінші кіреберісінде үшінші қабатта өрт туралы хабарлама түскен.Залдағы бір бөлмелі пәтерде матрац, үй заттары жанды. Өрт сөндірушілер пәтерге металл есікті бұзып кірді. Газ-түтіннен қорғау қызметі буынының құрамында баспалдақ арқылы №3 өрт сөндіру бөлімінің инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Асхат Жолдаспаев пәтер иесін көтеріп алып шықты, – дейді департаментте.1955 жылы туған үшінші топтағы мүмкіндігі шектеулі ер адамды жедел медициналық жәрдем бригадасы қалалық №1 ауруханаға жеткізді.
Қала тұрғынына ауырлығы орташа жану өнімдерімен улану диагнозы қойылды. Жағдайы қанағаттанарлық, терапия бөлімшесіне жатқызылды.
Өрт сағат 19:11-де сөндірілді. Тілсіз жау салдарынан келтірілген шығын көлемі анықталуда.
Оқиға орнына жеке құрамнан 29 адам және 7 техника, апаттық медицина орталығы, «103» қызметі жұмылдырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ресейде «Спутник V» вакцинасын 12 жастан асқан балаларда сынайды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы