Павлодарда өрт кезінде үш бала құтқарылды
Павлодарда өрт кезінде үш бала құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт Павлодар қаласының Желтоқсан көшесіндегі бес қабатты үйдің екінші қабатындағы пәтерден шыққан. Қатты түтіннің салдарынан тұрғындардың өміріне қауіп төнген.
ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер 12 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады.
Олардың ішінде үш бала арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен уланудан аман сақталып қалды. Оқиға салдарынан көміртегі тотығымен уланған бір ер адамға Апаттар медицинасы орталығының мамандары алғашқы көмек көрсетіп, кейін ауруханаға жеткізді, - делінген хабарламада.
Өрт 18 шаршы метр аумақты шарпыған. Қызыл жалын дер кезінде ауыздықталып, таралуына жол берілмеді.
Қазір өрттің шығу себебі анықталуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы