Павлодарда оқушы қыз сегізінші қабаттан құлап қайтыс болды

Павлодарда 15 қыркүйекте сағат 21:30-да 14 жасар қыз биіктіктен құлады. Бұл туралы облыстық жедел жәрдем станциясына шұғыл келіп түскен мәліметтен белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Максим Горький көшесінде орналасқан 10 қабатты үйдің сегізінші қабатынан 2009 жылғы қыз бала құлап, алған жарақатынан мерт болды.

Медициналық топ бірінші жеделдік санаты бойынша оқиға орнына аттанды. Фельдшерлер діттеген жерге үш минутта жетті, – делінген облыстық жедел жәрдем станциясының хабарламасында.

Оқиға орнына жеткен ақ халаттылар 2009 жылғы қыздың өлімін тіркеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: архив
Өзгелердің жаңалығы