Павлодарда «Қоқыс картасы» пайда болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда қалалар мен ауылдар маңайын қоқыстан тазарту үшін «Қоқыс картасы» пайда болмақ. Бұл туралы 24.kz сайты хабарлады.
Қоқыс үйілген аумаққа бейжай қарамайтын әр адам сол жерді суретке түсіріп алып, ТКШ басқармасының немесе әкімдіктердің сайтына жолдай алады. Екіншіден, «Қоқыс картасы» халықтық бақылау арқылы жұмыс істеп, әр ауыл мен қалаға жауапты мекемелерді белгілеу жұмыстарын көздейді.
«Өндірістік-тұрмыстық қалдықтарды өңдеуді заңмен міндеттеу қажет. Экологиялық кодекске осы бағытта тиісті ұсыныс жасалды. Өйткені қоқыс өңдеу зауыттарының көбі ашылмай жатып жабылып қалады. Сондықтан «Жасыл экономиканы» қолдауға үлес қоспақ кәсіпорындарға мемлекет тарапынан субсидиялау сияқты қолдау шаралары қажет», - дейді ЖШС басшысы Сүйіндік Нұрымов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ел чемпионаты. Ақтөбелік «Әлім ата» ШҚО жігіттеріне жол берді
Келесі жаңалық
Жем пайдалану локомотив депосының бастығы сотталды
Өзгелердің жаңалығы