Павлодарда нөсер жауын салдарынан қаланы су басты
Павлодар облысы ТЖД күштері мен құралдары жаңбыр суын сору жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кеше Павлодар қаласында қатты жауын жауған. Қаланың басым бөлігін су басқан.
Осыған қатысты ҚР ТЖМ баспасөз қызметі түсініктеме жасады.
7 шілдеде қатты жауын-шашынның салдарынан Павлодар қаласында ашық аумақты: жолдың жүретін бөлігін, көпқабатты тұрғын үйлердің көшелері мен аулаларын су басты. Павлодар облысы ТЖД күштері мен құралдары жаңбыр суын сору жұмыстарын жүргізуде, - делінген ведомство берген мәліметте.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атырау облысындағы өртті сөндіруге авиатехника тартылатын болды
Келесі жаңалық
1 мамырдан бастап кейбір зейнеткерлердің зейнетақысы өседі
Өзгелердің жаңалығы