Павлодарда нан бағасы тұрақталды

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Облыс орталығында әлеуметтік нан бағасы тұрақталды. Бұған дейін шенеуніктер өнімнің бағасын түсіруге уәде беріп, сөздерінде тұрды.

Бүгінде Павлодар қаласының әкімдігі 30-дан астам әлеуметтік дүкен иелерімен келісімге келіп, нан бағасын көтермеуге уағдаласты. Мониторингтік топ сауда нүктелерін тексеріп, нан сұрыбына байланысты 56-90 теңге аралығында сатылуда.

Айта кетейік, Павлодар қаласының тұрғындары тәулігіне 65 мың нан бөлкесін тұтынады. Облыстық кәсіпкерлік, сауда және турзим басқармасының бөлім басшысы Амантай Байзақовтың айтуынша, бүгінде бірінші сортты ұннан әзірленетін ұннан пісірілетін нан бағасының көтерілуіне жол берілмейді.

«Мониторнгтік топтар дүкендер желісін аралады. Біз наубайханалармен әлеуметтік дүкендерге нанды 75 теңгеден тасымалдау жөнінде келісімге келдік. Олар өнімнің үстіне ақша қоспайды», - дейді Амантай Байзақов.

Бүгінде Ертіс өңірінде 17 наубайхана халыққа күнбе күн нан-тоқаш өнімдерін ұсынады. 500 граммдық формалы ас атасының бағасы 10 теңгеге бірақ қымбаттады. Мамандардың айтуынша, өнім бағасының өсуі негізгі шикізат – бірінші сұрыпты ұнның қымбаттауы себеп. Біршама уақыт бұрын келісі 73 теңгеден сатылған ұн 80 теңгеге көтерілген. Бөлшек саудада нан бағасын ұстап тұру қиындау екені түсінікті. Сондықтан, әзірге баға 30 әлеуметтік дүкенде 85 теңгеден аспайды. Өзге сауда нүктелері нанды 90-95 теңгеден саудалауда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы