1 Мамыр 2025 2025, 05:45 Фото: pexels

Павлодарда мотоцикл мен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам зардап шекті

Павлодар қаласында мотоцикл мен жеңіл автокөлік соқтығысып, салдарынан 19 жастағы жас жігіт жарақат алды.

Павлодар қаласында мотоцикл мен жеңіл автокөлік соқтығысып, салдарынан 19 жастағы жас жігіт жарақат алды. Бұл туралы BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 30 сәуір күні сағат 18:42-де орын алған. Зардап шеккен мотоцикл жүргізушісі жедел түрде №1 қалалық ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.