Павлодарда монша өртенді

Павлодарда монша өртенді. Жалын 40 шаршы метр аумақты шарпыды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 шілде күні сағат 17:09-да өрт туралы хабар түскен. Елгин көшесінде жеке меншік аумақта екі қабатты монша өртенген.

Оқиға орнына 24 қызметкер мен алты өрт сөндіру қызметінің техникасы, жедел құтқару жасағы және медициналық апаттар орталығы қызметкерлері шықты.

Өрт сағат 17:25-те сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скрин
Өзгелердің жаңалығы