Павлодарда монша өртенді

Павлодарда Хвойная көшесі бойында орналасқан саяжайлардың бірінің аумағындағы монша өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Моншаның ағаш конструкцияларының жану кезінде жылу бөлінуінің жоғары жылдамдығы мен өрттің қарқынды дамуына қарамастан, өрт сөндірушілер оны сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, - делінген ведомство ақпаратында.

ТЖМ ағаш және басқа да жанғыш заттар пештің және мұржалардың ыстық бөліктерінен жеткілікті қашықтықта болуы қажет екенін еске салады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы