Павлодарда мемлекеттік қызметшілер әзіл айтып жарысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сайыс «Мемлекеттік қызметші күні» мерекесіне орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілер арасында «Мемлекеттік қызмет: кеше, бүгін және ертең» тақырыбында көңілді тапқырлар командалары арасында ойын өткізді.
Көңілді тапқырлар ойыны Естай атындағы мәдениет сарайында өтті. Онда өңірдің жергілікті мемлекеттік органдарынан 6 команда қатысты. Командалар өз кезегінде мемлекеттік қызметшілердің өз өмірлерінен мәтіндік әзілдер, миниатюралар мен қысқа нөмірлер көрсетіп, әзіл жанрында жарысты, - деді департаментте.
Ойын қорытындысы бойынша Железин мен Тереңкөл ауданының «Қазы-Қарта» командасы жеңімпаз атанды.
«Үздік ойыншы» номинациясы Калиновский ауылдық округінің әкімі,«Қазы- Қарта» командасының ойыншысы Санжар Рыспековке табысталды.
«Үздік әзіл» номинациясына Успен мен Щарбақты аудандарының «Здесь и сейчас» командасы ие болды.
«Шығармашылық ұжым» номинациясы «Жұрттың балалары» командасына (Павлодар, Ақсу қалалары және Павлодар ауданы) бұйырды.
Сондай-ақ барлық командаларға қатысқаны үшін дипломдар табыс етілді.