Павлодарда мектепті «жарып жібермек» болған ер адам ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ер адам алкогольдік мас күйде болған. Ол өзінің бұл әрекетке не себепті барғанын түсіндіре алмады, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 желтоқсан күні сағат 18.17-де полицияға «ер адам 17 мектепті жарып жібергісі келеді» деген шақыру түскен.
Мектепке келген жедел тергеу тобы тексеру жүргізді. Сағат 19.58-де тексеру аяқталды, жарылыс қаупі бар заттар табылған жоқ. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 1977 жылы туған павлодарлық анықталып, ұсталды, - деді департаментте.
Аталған фактіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы