Павлодарда мас әйел 7 жыл көлік жүргізбейтін болды

Павлодарда мас әйел 7 жыл көлік жүргізбейтін болды. Материал сотта қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары 26 наурызда сағат 06.10-да Павлодар - Қызылорда автожолының 25 шақырымында күдік тудырған «Тойота Камри» маркалы автокөлігін байқаған. 

Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша жүргізуші мас күйінде болған. Көлік айып тұрағына қойылды. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік материал толтырылды. Материал сотта қаралып, оның шешімі бойынша автоледи 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды, – деді облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Азамат Күркебаев.

Сондай-ақ Н.Назарбаев даңғылында 22 жастағы жүргізуші басқарған «Ауди» маркалы автокөлік тоқтатылған. Медициналық куәландырудың қорытындысы бойынша оның мас күйінде көлік жүргізгені анықталды. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Полиция ер адамның жүргізушінің куәлігі жоқ екенін анықтады. Жүргізушіге қатысты ҚР ҚК 608-бабының 7-бөлігі бойынша әкімшілік материал толтырылды. Сот шешімімен қала тұрғыны 30 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері мас күйінде көлік жүргізген 345 жүргізуші жауапқа тартылды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pavlodarnews.kz
Өзгелердің жаңалығы