15 Ақпан 2024 2024, 03:20 Фото: baq.kz

Павлодарда мәнерлеп сырғанаудан республикалық турнир өтеді

Турнирге Қазақстанның әр өңірінен командалар шақырылып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Турнирге Қазақстанның әр өңірінен командалар шақырылып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық конькимен мәнерлеп сырғанау федерациясының мәлімдеуінше, 29-31 наурыз аралығында «Spring Ice» атты мәнерлеп сырғанаудан Республикалық турнир ұйымдастырылады. Айтулы додаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен қатысу үшін командалар шақырылып отыр.

Қала тұрғындары мен қонақтарын тамаша спорт түрінен ләззат алуға шақырамыз, – делінген хабарламада.

Турнир Қайырбаев көшесі, 87, ЖСШМ Мұз сарайында болады.