Павлодарда мал іздеуге шыққан әйел жоғалып кетті

Полицейлер жоғалып кеткен 34 жастағы әйелді әлі іздестіріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

16 сәуір сағат 18:00 шамасында Бесқауға ауылының тұрғындары өздерінің ВАЗ-2104 автомашинасымен дала алқабына ірі қара мал іздеуге шыққан. Бесқауға ауылынан Жаңажол ауылына қарай 25 шақырым жерде көлікті тастап, екі жаққа бөлініп, көліктің жанында кездесуге келіскен. Сағат 19:00 шамасында жұбайы көлікке оралып, әйелін күтеді. Келмеген соң, ер адам полицияға жүгінді.

Айта кету керек, бір күн бұрын ауылда ақтүтек боран болған. Әрі әйел ұялы телефонын жұбайының көлігінде қалдырып кеткені белгілі болды.

Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 3 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ 4 іздеу тобы, оның ішінде Екібастұз қаласы ПБ жеке құрамы, ТЖМ қызметкерлері және жергілікті тұрғындар іздеуді жалғастырып жатыр. Жақын маңдағы елді мекендердің дала алқабында іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бағдарлар барлық қалалық және аудандық ПБ-ге жіберілді, - деп хабарлады полицейлер.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы