Павлодарда қымызхана отқа оранды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда қымызхана өртеніп кетті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласы төтенше жағдайлар басқармасының басшысы, азаматтық қорғау полковнигі Ренат Валишановтың айтуынша, сағат 11:18-де Абай көшесі, 170/2 мекенжайындағы «Қымызхана» дәмханасында өрт шыққаны туралы қоңырау келіп түскен.

Оқиға орнына бірден 8 техника мен жеке құрамнан 35 адам жұмылдырылды. Болжам бойынша өрт аумағы 300 шаршы метрді құрайды. Өрт сөндіру кезінде 6 газ баллоны шығарылды. Қазір басқа да материалдарды анықтау жалғасуда. Дәмхана иесінің айтуынша, ішіне әлі ешкім кірмеген. Шығын мен зардап анықталуда, - деді Ренат Валишанов.

Басқарма басшысы өрт сөндірілгеннен кейін себебі анықталатынын айтты.

Аязға байланысты жағдай қиын. Жалғасып салынған ғимараттар бар. Ғимараттар құрылысында жанғыш заттар бар. Соның бәрі өртті сөндіруді қиындатуда, - деді Ренат Валишанов.
Қалалық әкімдіктен өртті үзбей сөндіруді қамтамасыз ету үшін су тасуға арналған қосымша техника жұмылдырылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы