Павлодарда күйеуі өртеп жіберген әйел қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірнеше күн бұрын оның жағдайы күрт нашарлап кеткен, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
Розовка ауылының тұрғыны күйеуі өртеп жібергеннен кейін ауруханаға түскен. Әйелдің денесінің 50%-ы күйіп кеткен. Ол жансақтау бөліміне түсті. Бұған дейін дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап келген.Соңғы күндері оның жағдайы нашарлап кетті. Оны өкпені жасанды желдету аппаратына қосты. Алайда, өкінішке қарай, ол бүгін қайтыс болды, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.Еске салсақ, Розовка ауылының 34 жастағы тұрғынын мас күйеуі өртеп жіберген. Полиция мәліметінше, ерлі-зайыптылар ұрсысып қалған. Оған себеп әйелінің мас күйеуін рөлге отыруға кедергі келтіруі себеп болған. Ер адам тоңазытқыштан спиртті алып, әйелінің үстіне құйып, өртеп жіберген көрінеді.
Күйік алғанына қарамастан әйел өз күйеуіне полицияға арызданудан бас тартқан. Дегенмен құқыққорғау органдары сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кетті.
Ерлі-зайыптылар үш баланы тәрбиелеп отырған. Қазір оларға ата-әжесі қарап жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы