Павлодарда курсанттар жаппай ауруханаға түсті

Ішкі істер министрлігінің Павлодар облысындағы оқу мекемесінің курсанттары Сұлтанов атындағы облыстық ауруханасына түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан мәлім еткендей, 29 қарашада ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті орталығының курсанты – 18 жастағы қыз ауруханаға жеткізілді. Тағы 10 курсант 1 желтоқсан күні кешқұрым түскен. Барлығынан анализ алынып, ем-дом тағайындалған.

Олар халықтың декреттелген тобына енуіне байланысты – казармада жататындықтан ауруханаға жатқызылды. Қазір барлығының жағдайы тұрақты, – деп мәлім етті облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Науқастарға ауырлығы орташа дәрежедегі жұқпалы респираторлы вирустық инфекция (ЖРВИ), өткір ринофарингит деген диагноз қойылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Архив BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы