Павлодарда Күләш Ахметованың мерейтойына арналған әдеби кеш өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада ұйымдастырылған кездесу барысында Күләш Ділдәқызының V томдық шығармалар жинағы таныстырылды, деп хабарлады Рavlodarnews.kz.


ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Күләш Ахметова Жамбыл облысының Құрметті азаматы, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, ақын, журналист, аудармашы.   

«Жапырақ - жаздың жүрегі» атты шығармашылық жүздесуге онлайн режимде Күләш Ахметованың жары, Қазақстан Респбликасының еңбек сіңірген қайраткері, ақын Қайырбек Асанов, кеш иесі - Күләш Ахметова және зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысты. Сондай-ақ өлеңсүйер оқырман мен кітапханашылар, ақындар, мәдениет саласының өкілдері Zoom платформасы арқылы кездесуді тамашалады.
Биыл бір шаңырақ астында жарты ғасырдан астам уақыт бірге жасасып келе жатқан қазақтың қос ақынының мерейтойы. Ертіс – Баян жері де Алаштың айтулы ақындарының мерейтойын атап өтуге өз үлесімізді қоссақ деп шештік. Қайырбек аға да, Күләш апамыз да кейінгі жастарға өнерімен де өмірімен де үлгі боларлық тұлғалар, - дейді әдеби шараны ұйымдастырушы С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана қызметкері Алпысбай Хонж.
Әдеби кеште Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалы драма театрының әртістері Нұржан Әбіласан мен Бағила Жылқыбай «Жалғыз досым», «Жақсылықтың бағасы» әндерін нақышына келтіре шырқады. 

Жиын соңында Күләш Ахметованың құрметіне арнайы ұйымдастырылған «Мен даланың қызымын Ел деп туған» атты өлең оқу марафонына қатысқан өлеңсүйер оқырмандарға ақынның жүрек жарды лебізі жазылған Алғыс хат пен қолтаңбасы қойылған V томдық шығармалар жинағы сыйға берілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы