Павлодарда коронавирус жұқтырған тағы 1 жағдай тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 жаңа жағдай тіркелді, деп хабарлайды Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы.
COVID-19 Павлодар қаласында тұратын 1965 жылы туған әйел адамда тіркелген. Науқас коронавирус инфекциясы тіркелген адаммен ықтимал қарым-қатынаста болған.
Қазіргі уақытта байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталып, оларды оқшаулау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда, – делінген хабарламада.
Бүгінгі күні, сағат 18:00-дегі жағдай бойынша Павлодар облысында коронавирус инфекциясымен ауырған 95 факті тіркелген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Коронавирус: Елімізде тағы 33 науқас тіркелді
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы