Павлодарда коронавирус жұқтырған 1 адам тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам тіркелді, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
Кенжекөл ауылының 1984 жылғы тұрғыны дене қызуының көтерілуі және әлсіздік белгілері бойынша Облыстық балалар ауруханасының провизорлық стационарына ЖРВИ диагнозымен жатқызылған. COVID-19-ды анықтауға алынған тест бұл кісінің қауіпті инфекцияны жұқтырғанын көрсетті. Одан кейін науқас жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды.
Бұл азаматтың айтуынша, ол соңғы уақытта ешқайда шықпаған, вирусты жұқтырған адамдармен байланыста болмаған, дегенмен, жұмыс барысында өнеркәсіптік аймақта бау-бақшаны күзетуге араласқан.
Қазіргі таңда тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша қарым-қатынас жасауы ықтимал адамдар анықталып жатыр. Ауру ошақтарында эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған.
30.04.2020 жылғы сағат 17:30-дағы жағдай бойынша облыста коронавирус инфекциясын жұқтырған 129 адам тіркелген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Сауын саусаң бие сау, боз қырау түспей, суалмас"
Өзгелердің жаңалығы