17 Маусым 2025 2025, 04:25 Фото: istockphoto.com

Павлодарда көпірден өзенге секірген қыз суға батып кете жаздады

Павлодарда 25 жастағы тұрғын көпірден Усолка өзеніне секіріп, суға батып кете жаздады.

Павлодарда 25 жастағы тұрғын көпірден Усолка өзеніне секіріп, суға батып кете жаздады, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Өңірлік ТЖД-ның мәліметінше, құтқарушылар су айдынын патрульдеу кезінде батып бара жатқан қызды байқап, дереу көмекке ұмтылған. Жедел-құтқару жасағының мамандары қызға жүзіп жетіп, оны қауіпсіздік қайығына шығарып алды.

Ол ыстық ауа райында шомылғысы келіп, өз күшін дұрыс бағаламаған. Мұндай жағдайда қайғылы жағдайға тап болу қаупі өте жоғары, - деді ведомство өкілдері.

Құтқарылған қыз мән-жайды анықтау үшін полиция қызметіне тапсырылды.

Төтенше жағдайлар қызметі азаматтарды рұқсат етілмеген жерлерде шомылмауға және судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.