Павлодарда көпір астынан ер адамның мәйіті табылды

Ертіс мұзынан, Павлодар-Ленинский тасжолындағы көпір астынан белгісіз ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖД баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, бұл туралы құтқарушыларға сағат 22.23-те "112" пультіне хабарланған.

20 наурызда Павлодар-Ленинский көпірі астынан мәйіт табылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Шақыру орнына келгеннен кейін ер адамның денесі екені расталды, – деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі өкілдері.

Құтқарушылардың айтуынша, белгісіз ер адам өлімінің мән-жайы анықталып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: rus.azattyq.org
Өзгелердің жаңалығы