Павлодарда комплаенс қызметі квазимемлекеттік және жеке сектор ұйымдарына енгізілген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС комплаенс қызметінің жұмысын дамыту мәселелерін Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерімен талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, комплаенс бөлімшелердің, комплаенс-офицерлердің жұмысы ұйым жұмысындағы парасаттылықты қамтамасыз етуге және кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуге бағытталған. Бүгінгі таңда өңірде комплаенс-қызмет 102 квазимемлекеттік және жеке сектор ұйымдарына енгізілген. Олардың арасында ГРЭС-1, ГРЭС-2, «Қазақтелеком» АҚ, «СПК Павлодар» АҚ сияқты ірі кәсіпорындар, сондай-ақ «Торайғыров университеті» КЕАҚ білім беру ұйымдары бар.

Бүгін өткен кездесуде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының облыс бойынша бірінші орынбасары Ардақ Балғожин атап өткендей, ірі кәсіпорындардың өңір аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы іске асыруға белсенді қатысатыны қуантады.

Осындай кәсіпорындардың бірі МАЭС - 1 болып табылады, ол комплаенс институтын енгізумен шектеліп қоймай, кәсіпорын аумағында түрлі үгіт-насихат және практикалық жұмыстар жүргізеді, - деді А.Балғожин.

«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС бас директоры Еділ Көпенов компанияның комплаенс-офицерінің негізгі функциялары туралы, HR-қызметтермен бірлесіп іске асырылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджментінің жүйесі туралы, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған бизнес-процестерді талдау және мониторингілеу нәтижелері туралы хабарлады.

Еділ Құдайбергенұлы сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс енгізілген сәттен бастап МАЭС-1-де тәртіп бұзған адамдар мен бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа орналастыруға жол берілмегенін атап өтті. 

Бас директор сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аумақтық департаментке көрсеткен көмегі үшін алғысын білдіріп, кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын іске асырудың бекітілген жоспары шеңберіндегі одан ары өткізілетін іс-қимылдар туралы айтып берді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкес барлық компаниялар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері болып табылады, бұл дегеніміз, барлық компаниялар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды азайту бойынша шаралар қабылдауға міндетті.

Сонымен қатар заңда квазимемлекеттік сектор субъектілері болып табылатын компаниялар сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтердің функцияларын орындайтын құрылымдық бөлімшелерді айқындайтыны жеке көрсетіледі.

Осылайша, квазимемлекеттік сектор компанияларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер функциялары бар құрылымдық бөлімшелерді айқындау бойынша міндеттемелері бар, ал квазимемлекеттік сектор субъектілері болып табылмайтын компаниялар сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер құруға құқылы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы