Павлодарда кішкентай бала сегізінші қабаттан құлап кетті

Оқыс оқиға сағат 11:17-де орын алды. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі 4 минутта жылдам жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Екі жасар бүлдіршін қазір ауруханада жатыр. 

2020 жылғы ұл балаға шұғыл медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ауыр жағдайда бірден облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, - дейді Павлодар облыстық жедел жәрдем қызметі.

Дәрігерлердің айтуынша, балаға ота жасалды. Ішкі қан кету тоқтатылды. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы өте ауыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы