Павлодарда кеуіп қалған қызғылт көлді арнайы комиссия тексереді

Бір кездері бүкіл Қазақстанға белгілі болған Коряковка қызғылт көлінің қазіргі жағдайы мүшкіл, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тартылып, бетіне тұзы шыққан көлдің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Видеоны жариялаған Ольга Шантал есімді азаматшаның айтуынша, көлді әдейі құрғатып жатыр. Ал оның бетіне шыққан тұзды қабын 2 мың теңгеден сатып жатыр. Одан қалса камазбен тасып әкетіп жатыр дейді.

Бұл видеоға қатысты ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова түсініктеме беріп, комиссия құрылатынын, көлге зерттеу жүргізілетінін мәлімдеді.

Бұл видеоға қатысты айтарым бар. Қазір арнайы комиссия құрылып жатыр. Оның құрамына ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті және Павлодар облысы Экологиялық реттеу және бақылау басқармасының сарапшылары, экологтар, қоғам белсенділері кіреді. Олар Қазақстан бойынша екінші қызғылт көл саналатын Коряковка өзенінде зерттеу жүргізеді. Комиссия жүргізген жұмыстың нәтижесі ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми сайтында және БАҚ-та жарияланады. Комиссия көлге сейсенбі күні барлық ұйымдастыру жұмыстары аяқталған соң барады деп жоспарлануда, - деді экология министрі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы