Павлодарда қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда «Қазақстан әйелдері қауымдастығы»  ҚБ ұйымдастыруымен  «Біздің жетістіктеріміз» тақырыбында балалардың қолөнер жәрмеңкесі  өтті. 

«Біздің жетістіктеріміз» балалардың қолөнер жәрмеңкесі мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналарының әртүрлі қолдан жасалған бұйымдарын қайырымдылық мақсатта ұсыну мен сатуды көздейді.


Біздің өңірде мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасыларымен бірігіп жасаған қолөнер бұйымдарының қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке барысында қолөнердің әртүрлі бағыттағы жұмыстарын тамашалауға болады. Оның ішінде қолөнер бұйымдары мен картиналар,көркем өнер бұйымдары бар, - дейді ұйымдастырушылар. 

Айта кетейік, «Біздің жетістіктеріміз» жәрмеңкесінде балалар мен ата-аналар қолөнер әлемін аша отырып, оларды көруге ғана емес, сатып алуға болатын қызықты және ерекше өнімдермен қуантады. Зергерлік бұйымдар, сөмкелер, сәнді аксессуарлар, ойыншықтар, декор заттар, тіпті ыдыс-аяқтар - жәрмеңкеде ұсынылатын заттардың қатарын толтырады. 


Сондай-ақ, жәрмеңкеге келушілерге әртүрлі техникада орындалатын шеберлік сыныптары  ұйымдастырылды.

Айта кетейік,жәрмеңке «Қазақстан әйелдері» ҚБ ұйымдастыруымен,  Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық қаржыландыру шеңберінде «Бала және денсаулық» жобасының  аясында ұйымдастырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы