Павлодарда қаруланған ер адамдар ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда заңсыз қару ұстаған 3 факт тіркелді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті.- Полицейлер түнде Естай көшесіндегі үйдің ауласында газ тапаншасы тәркіленген 35 жастағы павлодарлықты ұстады. Сол күні 36 жастағы ер адамның қалтасынан травматикалық тапанша тәркіленді. Ұсталғандар қаруды жеке қорғаныс үшін алып жүргенін өздері мойындады, - деді департаментте.Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы - атыс қаруын заңсыз сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
- Сондай-ақ Екібастұз қаласында 16 калибрлі тегіс ұңғылы аңшылық мылтықтан заңсыз жасалған кесінді тәркіленген 41 жастағы азамат анықталып, ұсталды. Қаруды заңсыз дайындау фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 288-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Заттай дәлелдемелер ретінде алынған қару сараптамаға жіберілді, - деді департаментте.Департаменттің хабарлауынша, атыс қаруын заңсыз сақтағаны үшін 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы