7 Тамыз 2026, 23:57 Фото: istockphoto.com

Павлодарда каналға шомылуға барған ер адам суға батып кетті

ТЖД тұрғындарды су айдындарында қауіпсіздік талаптарын сақтауға және тек арнайы жабдықталған жағажайларда шомылуға шақырады.

Павлодарда Қаныш Сәтбаев атындағы каналға шомылуға барған 1987 жылы туған ер адам суға батып кетті.

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға шомылуға тыйым салынған жерде болған. Жедел-құтқару жасағының мамандары екі арнайы техника көмегімен ер адамның денесін судан алып шықты.

Құтқарушылар Қаныш Сәтбаев атындағы каналдың техникалық гидротехникалық нысан екенін және онда шомылуға қатаң тыйым салынғанын ескертеді.

ТЖД тұрғындарды су айдындарында қауіпсіздік талаптарын сақтауға және тек арнайы жабдықталған жағажайларда шомылуға шақырады.