Павлодарда кәмелетке толмаған баланы зорлаған адамға қатаң жаза кесілді
Павлодар облысында аса ауыр қылмыс жасаған ер адамға сот өмір бойына бас бостандығынан айыру үкімін шығарды, деп хабаралайды BAQ.KZ тілшісі.
Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мәлім еткендей, кәмелетке толмаған қыз баланы қорқыту арқылы зорлаған педофилдің кінәсі дәлелденді. Үкім жабық сот отырысында жарияланды.
Қылмыстың аса ауыр әрі қоғамға қауіпті сипатына байланысты процесс жабық режимде өтті.
Сот мәліметінше, ер адамның кінәсі жәбірленушінің айғақтары, куәгерлердің сөздері, сот-медициналық сараптамалар мен өзге де дәлелдер арқылы толық дәлелденді.
Сотталушымен жасалған қылмыс аса ауыр қылмыстар санатына жатады. Сондай-ақ, ҚК-нің 120-б. 4-б. бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын ғана қарастырады. Істің мән-жайын және сотталушының жеке басын ескере отырып, оған ерекше режимдегі колонияда өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - деп жазылған соттың хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.