Павлодарда көп балалы 40 отбасыға тегін көмір таратылды

Астана, BAQ.KZ. Павлодар қаласы әкімдігі және «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының қолдауымен көпбалалы аналарға көмек көрсету бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады Рavlodarnews.kz

Көп балалы аналардан қатты отынға мұқтаж екені туралы 40-тан аса өтініш жиналды. Жергілікті кәсіпкер таңнан бастап 80 тонна отынды мекенжайлары бойынша таратты. Әр отбасына 2 тонна көмірден жеткізіп берді. 37 тонна көмір бес көп балалы және мұқтаж отбасы үшін Павлодар ауылына жеткізілді.

Төрт баланың анасы, көру қабілеті бойынша ІІ топ мүгедегі Виктория Ситникова-Телегинаның айтуынша, ол партияға бұрын да жүгінген. Балаларды мектепке дайындауға көмек көрсетілген. Жақында азық-түлік әкеліп берген.

«Бүгінгі жеткізіліп отырған екі тонна көмір біз үшін үлкен көмек. Көмірдің бағасы 14 мыңнан 17 мың теңгеге дейін барады. Сондықтан осындай қолдау білдіргені үшін өте қуаныштымыз», - дейді Виктория Ситникова-Телегина.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы