Павлодарда ірі кәсіпорын қалалық саябақтың жерін иемденбек болған

Павлодар облысының прокуратурасы Павлодар қаласы паркі аумағының бір бөлігін 2 көппәтерлі тұрғын үй құрылысы үшін заңсыз беру фактісін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ауданы 1,2 га «Металлургтер» паркінің жер учаскелері жер және сәулет заңнамасын бұза отырып, жоғарыда аталған нысаналы мақсатта пайдалану үшін «Eurasian Resources Group» компанияларының бірі – «Қазақстан алюминийі» АҚ-ға тікелей бөлінген.

Қадағалау актісі бойынша заңсыз рұқсат беру құжаттарының күші жойылды, жер учаскелері мемлекетке қайтарылды, саябақ аумағы қалпына келтірілді, кінәлі лауазымды түлғалар қызметінен босатылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы