Павлодарда инновациялық панельді үйлер салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Олег Круктің қатысуымен «Инновациялық панельді үй құрылысы зауыты» инвестициялық жобасын іске асыру бойынша «ERTIS Construction Ltd» ЖШС-нің жеке инвесторы арасында меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
«Павлодар» ӘКК» АҚ ресми парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, бастапқы кезеңдегі инвестиция көлемі биыл 1,3 млрд теңгеден асады, ал қысқа мерзімді перспективада инвестицияның жалпы көлемі 6 млрд теңгеден асады деп жоспарлануда.Жобаны қаржыландыру инвесторлардың меншікті қаражаты және тартылатын кредиттік қаражат есебінен жүзеге асырылады. «ERTIS Construction Ltd» ЖШС бүгінде Павлодар қаласында өндірістік базаны сатып алып, келісімшарт жасасты және инновациялық құрылыс материалдарын өндіру үшін Еуропадан жабдықтарды жеткізуге төлем жасады. Биылғы жылы өндірісте штатты одан әрі 300 қызметкерге дейін кеңейте отырып, шамамен 120 жаңа жұмыс орны құрылатын болады, – деп жазылған хабарламада.«ERTIS Construction Ltd» ЖШС-нің серіктесі – «Павлодар» ӘКК» АҚ. Одан әрі құрылыс салу үшін жер учаскелерін беруге жәрдемдеседі, жергілікті атқарушы органдар инженерлік инфрақұрылымды жүргізу және аумақты абаттандыру бойынша қолдау көрсетеді.
Жобаны іске асырудың негізгі мақсаты – халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткіштерін жақсарту, қала мен облыс бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің тоқсандық құрылысын дамыту.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін инвестор өз қаражаты есебінен қажетті жобалау-сметалық құжаттаманы, толық жайғастыру жобасына өзгерістер енгізуді қаржыландырады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мәскеуде QR-код жүйесінің күші жойылды
Өзгелердің жаңалығы