Павлодарда футбол турнирінің соңы төбелеске айналған

Ақсу қаласы мен Павлодар ауылының командалары арасында финалдық ойын өткен. Футбол барысында екі команда ойыншылары арасында жанжал болып, төбелеске ұласты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Polisia.kz мәліметінше, 17 қыркүйекте полицияға Павлодар қаласы Майра көшесі, 49/1 үйдің жанындағы жанжал фактісі бойынша шақыру келіп түсті. 

Ақсу қаласы мен Павлодар ауылының командалары арасында финалдық ойын өткен. Футбол ойыны барысында екі команданың ойыншылары арасында жанжал болып, төбелеске ұласты. Факт полиция бөліміне тіркелді. Жанжалға қатысушылардан полицияға арыз түскен жоқ. 1996, 1994 және 1993 жылы туған үш қатысушы құқық бұзушылық жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материалдар сотқа қарау үшін жіберілді. Ұйымдастырушыларға қатысты материалды спорттық іс-шараны өткізу тәртібін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 488-1-бабы бойынша жауапкершілікке тарту үшін "Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ-не жіберілгенін атап өтті, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы