Павлодарда фармацевт жалған дипломмен жұмыс істеген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция құжаттарды қолдан жасағаны үшін қылмыстық бап бойынша тексеру жүргізуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
2018 жылы қалалық ЖШС-ға жұмысқа орналасу кезінде азаматша Қызылорда медициналық колледжін бітіргені туралы диплом ұсынған. Дипломға сәйкес оған «Фармацевт» біліктілігі берілген.
Кейін ЖШС-де тексеру жүргізіліп, құжаттар бойынша сараптама тағайындалды. Фармацевт дипломының жалған екені анықталды, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 385-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Геннадий Головкин Риота Муратаны жеңді
Өзгелердің жаңалығы