Павлодарда есірткі сатқан шетелдіктер ұсталды
Павлодарда есірткі заттарын салушы күдікті шетелдіктер ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Павлодар облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Павлодарда есірткі заттарын салушы күдікті шетелдіктер ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Павлодар облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Павлодар қаласының прокуратурасы бастамашылық еткен жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша полиция қызметкерлері 1987 ж.т. Түркия азаматы А-ны ұстады, одан ақ түсті ұнтақ заты бар полиэтилен пакет тәркіленді.
Ұсталған адамның телефонын тексеру барысында есірткі салған 2 орын анықталды, онда осыған ұқсас заттары бар 2 пакет алынды.
Сонымен қатар тінту барысында ұсталған адамның үйінен есірткі салынған орауыш материал және "мефедрон" заты салынған пакет тәркіленді, бұл сараптамамен расталды.
Бұл факті СДТБТ-да ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі 1,5-тармақтары (адамдар тобының алдын ала сөз байласу, ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы жасаған психотроптық заттардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша тіркелген. Тергеу сотының санкциясымен азамат А. 2 айға қамауға алынды.
Қазіргі уақытта бұл іс бойынша сыбайласы 1982 ж.т. РФ азаматы К. ұсталды, оған қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.