Павлодарда Ертіс өзенінің жағалауында эко-қалашық салынады

Павлодарда Ертістің сол жағалауында инвестор жыл бойы туризмді ұйымдастыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, жобаның басты шарты – табиғатқа зиян келтірмеу.

Жобалаушыларға павлодарлық экологтар кеңес берді. Олар мұндай жоба Ертіс жайылмасының қоршаған ортасына ешқандай зиян келтірмейді деген қорытындыға келді.

Экоқалашық 2,5 гектар жерді алады. Бұл аумақта «А-Frame» түріндегі 15 үй және ағаш подиумдардағы глэмпингтер орналастырылады. Әрқайсысына 4-12 адам сыяды. Жоба күрделі құрылысты емес, тек модульдік конструкцияларды пайдалануды қамтиды.

Жобаны қолға алатын кәсіпкер қолда бар жағажайдың аумағын абаттандыруға және кеңейтуге, самалжай, үрлемелі аквапарк орнатуға, скутерлермен, қайықтармен және гидроциклдермен техника паркін қоюға ниетті. Құтқарушылар қауіпсіздікті қадағалайтын болады. Жылы ағыс Ертісте суық күндер басталғанға дейін демалуға мүмкіндік береді.

Қыста экоқаланың жұмысы жалғасады. Туристерді демалыс базасына оқшауланған катамаран жеткізеді, Атамекен кентінен (бұрынғы Ленинский) резервтік жол салынады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Pavlodarnews.kz
Өзгелердің жаңалығы