18 Қазан 2026, 06:55 Фото: Wikipedia

Павлодарда Ертіс өзеніндегі кеме қатынасына уақытша шектеу қойылады

2026 жылғы 14–19 қазан аралығында Павлодар қаласында жаңа көпір салынып жатқан аумақта Ертіс өзеніндегі кеме қатынасына уақытша шектеу қойылады.

Тиісті қызметтердің мәліметінше, құрылыс жұмыстарына байланысты кемелердің қозғалысы күн сайын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін шектеледі.

Шағын көлемді су көліктерінің иелеріне суға шығуды жоспарлау кезінде осы шектеулерді ескеріп, қауіпсіздік ережелерін сақтау ұсынылады.