Павлодарда Ертіс өзені арқылы өтетін автокөлік көпірі жабылды
10 сәуір күні сағат 08:00-де Павлодар облысында Ертіс өзені арқылы өтетін автомобиль көпірі жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"ҚазАвтоЖол" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, көпірдегі жөндеу жұмыстарына байланысты Астана – Ерейментау – Шідерті – Павлодар – Успен – РФ шекарасы автожолының 1381-1382-шақырымында жүк және жеңіл көліктер қозғалысына шектеу енгізілді.
Компания "Нұрлы жол" көпірі арқылы балама жол ашылғаны хабарлады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы