Павлодарда ер адам жедел жәрдем қызметкерін ұрып соқты

Облыстық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Қанадан Ахметжановтың хабарлауынша, «103» пультіне баланың ауырып қалуы туралы шақырту түсті.  Фельдшер мен санитардан құралған мамандар бригадасы тиісті мекенжайға жол тартқан.

«Фельдшер баланы тексеріп шықты. Оның дене температурасы көтерілгені анықталды. Жедел респираторлы вирусты инфекция болып шықты. Мамандар сырқат баланы ауруханаға жатқызуды ұсынды, дегенмен  анасы медициналық көмектен бас тартты», - дейді бас дәрігер.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиеваның айтуынша, баланы тексеру кезінде оның әкесі мас болған.

«Қызметкерлер жұмыстарын  аяқтап, сыртқа шыққан сәтте ішімдікке бой алдырған азамат мамандарға қол көтеріп, сорақы мінез танытты. Ұра абстады. Кейін үйден тағы бірнеше ер азамат шығып, жедел жәрдем қызметінің көлігін қуды. Зардап шеккен мамандар тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінді», - дейді Эльмира Темірғалиева.

Айта кетейік, фельдшер мен санитар Павлодар қалалық №1 ауруханасының жарақаттар бөліміне жеткізілді. Екеуінің бас-миы шайқалып, дене жарақаттарын алған. Оларға амбулаторлы ем-дом шаралары тағайындалды. Әзірге жұмыстан босатылды.

Еске салсқа, қазіргі уезде жедел жәрдем станциясы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Күнбе-күн 200-ге жуық маман кезекшілік атқаруда. Сонымен қатар, қосымша топтар құрылды. Дәрігерлерге күн сайын 800-ге жуық шақырту түседі.

Ақмаржан Әділбек

Фото: автор

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы